Ұлық мерекелерінің бірі саналатын қасиетті Құрбан айт мейрамымен маңғыстаулықтарды құттықтай отырып, бауырлас түрікмен халқының ыстық ықыласын танытамын.
Бізді ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ортақ тарихи тамыр, тіл мен дін байланыстырады. Сол байланыстың негізінде екі елдің арасындағы тату көршілік пен бауырластық, сыйластық пен достық қарым-қатынастар нығая түсуін тілеймін.
Осынау жарқын мерекеде мұсылман бауырларымыздың ізгі ниет-тілектері мен шалған құрбандықтары қабыл болып, қанағат пен қайырымдылық арта түссін. Маңғыстаулықтардың әрбір шаңырағына амандық пен молшылық орнап, құт-береке мен ырыс толсын.
Құрметпен, Түрікменстанның Ақтау қаласындағы Консулы Овезов Мұхамметнұр