Бүгін Маңғыстау облысы дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Отпан» ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен облыстық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелеріне семинар өтті.
«Зайырлылық және зайырлы мемлекет» тақырыбын қамтыған семинар жұмысына Мәдениет саласының үздігі, өлкетанушы ғалым Нұрлан Абызұлы қатысты. Жиынға Маңғыстау облысы бойынша қала аудандағы АТТ мүшелері қатысып, дін саласындағы жаңа бағыттар жөнінде ақпарат алып, кәсіби біліктерін арттырды.
Семинар аясында мемлекеттің зайырлылық ұстанымдары, адамдар арасындағы қақтығыстарды шешу жолдары, Маңғыстау аймағының тарихы туралы тың мағлұматтар берілді.
Мейіржан Туманов