Ақтауда өткен "Тәу етерім - Тәуелсіздік" республикалық ақындар айтысында бас жүлде (2 млн теңге) Батыс Қазақстан облысының ақыны Жансая Мусинаға бұйырды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ал 1-орынды (1 млн теңге) маңғыстаулық Арғынбек Қалбаев алды. 2-орындар (600 мың теңге) жергілікті ақын Нұрлан Мұсаев пен алматылық Қазырет Бердіхан, Қарағанды облысының ақыны Төлеген Жамановқа берілді.
Ал 3-орындарды (500 мың теңге) павлодарлық Аспанбек Шұғатаев, маңғыстаулық Абай Жолмағамбетов, атыраулық Шалқарбай Ізбасаров иеленді.
Сонымен қатар, Нұрым Шыршығұлұлы атындағы арнайы жүлде (300 мың теңге) Маңғыстау облысының ақыны Алшын Суемов пен ақтөбелік Марат Ахметовке бұйырды. Ал Батыс Қазақстан облысының айтыскері Талғат Мықи Қашаған Күржіманұлы атындағы арнайы жүлдені (300 мың теңге) алды.
Ал Рүстем Қайыртайұлы (Семей қаласы), Біржан Байтуов (Шымкент қаласы), Тоба Өтепбаев (Қостанай облысы), Тілеген Әділов (Қарағанды облысы), Азамат Орынбасаров (Маңғыстау облысы), Райымбек Түзелов (Маңғыстау облысы), Зейнетолла Қосымбаевқа (Маңғыстау облысы) алғыс (200 мың теңге) жарияланды.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ,
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН