Биыл оффлайн форматта оқуын жалғастырған 9 және 11 сынып оқушылары үшін 25 мамыр соңғы қоңырау рәсімі және аттестация табыстауға бағытталған іс-шара санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып таза ауада мектеп ауласында өткізілетін болады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетсек, биыл Ақтау қаласы бойынша 11-сыныпты 1956 түлек мектепті бітіреді, оның ішінде 1883 түлек күндізгі, 72-і - кешкі, 1-і - жекеменшік мектептен. Оның ішінде «Алтын белгіге» 46 үміткер, үздік аттестатқа 73 үміткер бар.
Ал, 9-сыныпты 3332 оқушы аяқтайды, оның ішінде 3290 оқушы күндізгі, 17-ы кешкі, 25-і жекеменшік мектептен. Олардың арасында 123 үздік аттестатқа үміткер бар.