Облыста 20 сәуіріне дейін коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның 1 компонентін 14 027 адам, 2 компонентін 1 702 адам алды. Бұл туралы Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Вакцинациялау медициналық ұйымдардың егу пункттерінде жүргізіледі. Қазір 28 егу пункті жұмыс істейді. Оның 4-уі жылжымалы, ал қалғандары медициналық ұйымдардарда орналасқан. Шектеу шараларынан құтылып, бұрынғы қалпымызға қайта келу үшін вакцинациядан өтуіміз керек», - деді Ғазиз Надуев.
Оның айтуынша, осы уақытқа дейін облысқа «Спутник – V» вакцинасының 39 550 дозасы жеткізілді.