«Қала жолдары» мекемесінің жұмысшылары Ақтау қаласындағы жол таңбаларды қайта сызып жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Осы уақытқа дейін «Қала жолдары» мекемесі мен Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бекіткен кесте бойынша қаладағы 15 автомобиль жолдың таңбалары жаңартылды.
Атап айтқанда, №1 автомобиль жолы, «Ниссан» орталығынан №5 автомобиль жолының қиылысы облыстық тіс емханасына дейін, №3 автомобиль жолы, «Виктория» ҚҮ – «Кашаған» ескерткіш маңы, №4 автомобиль жолы, «Магаш» - «Шагала» ҚҮ қиылысы, №5 автомобиль жолы, «Дискай» клуб - «Рахат» ҚҮ қиылысы, №6 автомобиль жолы, СИЗО – «Дискай» клуб қиылысына дейінгі жол таңба боялған.
«№ 8 автомобиль жолы, № 3 «а» автомобиль жолы қиылысынан – 4 шағынаудан 7 үйге дейін, №9 «б» автомобиль жолы, «Казавтодор» - Әскери госпиталь қиылысына дейін, №14 автомобиль жолы, № 21 автомобиль жолы қиылысынан - «Ақ Отау» мейрамханасына дейін, №15 автомобиль жолы, «ОАЗИС» ТҮК - «Гринплаза» ТҮК, №15 автомобиль жолы, «ЦОН» - «Виктория» ҚҮ, №21 автомобиль жолы, №14 автожол қиылысы - «СИЗО», №24 автомобиль жолы, 35 ш/а Кәсіпкерлер палатасы - «Гринплаза» ТҮК жол таңбасы жаңартылды», - дейді «Қала жолдары» ЖШС-ның баспасөз қызметі.
Сонымен қатар №26 автомобиль жолы, «Кездесу» жанар-жағармай құю бекетінен – 105 соңғы аялдамадағы, №31 автомобиль жолы, 105 соңғы аялдама - 35 ш/а Кәсіпкерлер палатасы мен №55 автомобиль жолы, «Ақ Отау» мейрамханасы - «Нұрас» жанар-жағармай құю бекетіне дейінгі жол таңба, жаяу жүргінші жолы боялды.
Қазіргі таңда №18 автомобиль жолы, облыстық әкімдігі – ЖУБР (әуежай трассасы), №19 автомобиль жолы, 13 шағынаудан Морской Северный Терминал (Утюг) – 20 шағынауданға дейінгі жол таңбаны сызу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттер «Қала жолдары» ЖШС алынды