Ақтауда карантинді сақтау бойынша мобильді топтар жұмысы жалғасып жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция және әкімдік қызметкерлері дүкендерді, сауда орталықтарын, мейрамханаларды және басқа да кәсіпкерлік субъектілерді тексеруде.
12.04.2021 түні болған рейд кезінде Ақтаудағы «JAZZ CLUB» мейрамханасы, «ХЗ» караоке-бары, «Золотой Дракон» мен «Эталонпы» мейрамханасы түнгі 24:00-ден кейін де жұмысын жалғастыра берген.
Ақтау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің айтуынша, осы және өзге те тәртіп бұзушылықтар ресми түрде тіркелген, дәмхана қожайындарына хаттама толтырылды. Әрі қарай тиісті шара қолдану үшін санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына жолданды.