«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Miras» қоғамдық кеңесінің отырысы өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Аталған кеңеске «Miras» қоғамдық кеңесінің төрағасы Е.Іңірбай, Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Н.Сали және кеңес мүшелері қатысты. Күн тәртібінде ҚР Президентінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында айтылған тұжырымдамаға байланысты міндеттер қаралды. Сонымен қатар Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты 2021 жылы облыс көлемінде атқарылатын мәдени-бұқаралық шаралар туралы сөз қозғалды.
Отырыс соңында «Miras» қоғамдық кеңесінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, бекітілді.