Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бағасын негізсіз өсіруін алдын алу және болдырмау мақсатында, Ақтау қаласы әкімдігімен қала аумағында орналасқан гипермаркеттер, супермаркеттер желілерімен Меморандум жасақталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Меморандумға сәйкес, сауда желілері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бұрышын жасақтап, халыққа тауарларды қолжетімді бағамен сатылады. Сауда желілерінің жұмысына Ақтау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі тұрақты түрде мониторинг жұмыстарын жүргізіп, тауар бағаларын қадағалауды жалғастырады, делінген Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.