Қан орталығына келуші ерікті донорлар саны азайған. Қазіргі таңда теріс факторы бар бірінші, екінші және үшінші топтағы қан тапшылығы бар. Сондай-ақ тромбоциттер донорлары қажет, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Қан тапсыру үшін орталыққа таңертеңгі сағат 09.00 мен күндізгі 13.00 аралығында келуге болады. Донор бір күн бұрын дайындалуы керек. Атап айқанда кешкі сағат 18.00-ден кейін майлы тамақ жеуге болмайды. Сұйық тағамды ішіп, жақсы демалып келген дұрыс. Таңертең сүтсіз шәй ішуге және піспенан жеуге болады. Әрбір келуші бетперде, бахила және медициналық қолғаппен қамтамасыз етіледі», - дейді мамандар.
Мамандардың айтуынша, қан және оның компоненттері облыстық және қалалық перинаталдық орталыққа, онкологиялық диспансер, облыстық және көпбейінді балалар ауруханасында емделіп жатқан науқастарға аса қажет.