Бүгін өңір жастары «Mangystau Nauryz Fest – 2021» жастар фестивалінің «Жайлау күніне» орай көшеттер отырғызды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Таң атысымен табиғатты аялауға арналған біркүндікте жастар «Ақбота» саябағына 150-ден астам көшет отырғызды. Ал жалпы облыс бойынша 500 түп үйеңкі, шаған секілді ағаш көшетін отырғызды.
«Мақсатымыз – қала мен аудандарды абаттандырып, жасыл желекке айналдыру. Жастарды табиғатты аялауға баулып, туған жерді қастерлеуге шақыру. Фестиваль аясында тал егу шарасын жастар өз аудандарында да жүргізіп жатыр. Акцияны келесі сәуір айында да жалғастыру жоспарымызда бар»,- дейді облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Абылай Фазылбек.
Көшеттерді суаруға қалалық әкімдік жауапты болады.