Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігімен А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сотта анықталғандай, 05 ақпан 2021 жылы түзету мекемесінде сотталған М-ның сәлем-сауқатын тексеру барысында ішінен шұлыққа жасырылған 3 дана «насыбайға» ұқсас зат тәркіленіп алынған. Сәлем-сауқатқа тыйым салынған затты салып жіберген А. Сот қаулысымен А. ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 дана - «насыбай» тәркілене отырып, оған ескерту түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды, делінген Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қаулы заңды күшіне енді.