Бүгін Маңғыстау жастары мен волонтерлар тұрғындар мен қала қонақтарына “Жыл құтты болсын” атауымен тәттілер таратты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бірнеше жастардан құралған 4 топ тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, халықты бірлік пен ауызбіршілікке шақыратын айтулы мерекемен құттықтады.
Сонымен қатар Маңғыстау және Түпқараған ауданы жастары да өз аудан тұрғындарын мерекелік тәттілермен қуантты.
Ал Жаңаөзен жастар орталығының мамандары шаһардағы бірнеше ақсақалдың үйіне барып, сый-сияпат көрсетіп, алғысын алды.