Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормаларды сақтай отырып Ақтау гарнизонының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын орындау бақылау комиссияның атқарған жұмыстары жөнінде басшыларының баяндамалары тыңдалды, хабарлайды деп mangystaumedia.kz сайты Ақтау гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отырыс барысында комиссия мүшелеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелері, сондай-ақ ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін заң бойынша сотталған адамдарға мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды қолдануға тыйым салу туралы, пара берушілер мен пара алушыларды қатаң жазалау туралы, Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық үшін жазаны күшейту туралы ақпараттар жеткізілді.
Жиынның басты мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерді анықтау және онымен күрес жүргізу, ашықтықты жария ету, әскери қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылықтардың және қылмыстардың алдын алып, ескерту шараларын ұйымдастыру.
– 2020 жылы Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде «Қарулы Күштер – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі ашылып қазіргі таңда негізгі міндеттердің бірі қолданыстағы заңнама нормаларын заңдық түрінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп атап өтті Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Қуандық Бердіғалиев.
Отырысқа Ақтау гарнизонының, Маңғыстау облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, аудандық әскери полиция бөлімінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі бөлімшенің басшылығы қатысты.
Жиын соңында гарнизондық комиссия төрағасы Ақтау гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелері арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауы мүмкіндіктерін алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстардың елеулі көлемін атап өтті. Әскери гарнизон басшылығы жүргізетін жұмысқа белсенді қатысқаны үшін ведомствоаралық кеңеске қатысушыларға алғысын білдірді.