© Сурет авторы Талант Құсайын
Маңғыстаулық полицейлер бекіре тұқымдас балығын заңсыз тасымалдаған көлік жүргізушісін ұстады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Полицейлер Ақтау қаласының маңындағы автожолда Toyota Camry маркалы автокөлігін тоқтатқан. Оқиға сағат 17:25 шамасында болған.
«Тексеру барысында жалпы салмағы 90 келіден асатын 26 дана балық тәркіленді. 29 жастағы жүргізуші қандай да бір рұқсат құжаттарын көрсете алмады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазір күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүр», - делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.