Облыс әкімі Серікбай Трұмов 13 шағынауданда орналасқан №17 мектептегі №28 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Сайлауға алғашқылардың бірі болып келген аймақ басшысы барша маңғыстаулықты саяси науқанға белсенді қатысып, дауыс беруге шақырды.
Айта кетейік, бүгін елде ҚР Парламенті Мәжілісі мен Мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтіп жатыр. Барлық сайлау учаскелері санитарлық талаптарға сай жабдықталған.
Сайлау учаскелері жергілікті уақытпен сағат 07:00-ден бастап 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН