29 желтоқсан күнгі жағдайға сәйкес I-II деңгейлі инфекциялық стационарда 113 адам ем қабылдап жатыр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 113 науқастың ішінде 44 адамнан коронавирус анықталған. Қазіргі таңда 102 науқас орта дәрежелі, 5 адамның жағдайы ауыр, ал өте ауыр халде 6 науқас бар. Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулары себеп болып отыр.
Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі – 25 пайыз. Облыс көлемінде 444 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ реанимациялық төсек саны – 54.
Анықтамасыз шетелден келген қазақстандықтар мен шетел азаматтарына арналған карантиндік стационарларда 270 төсек орын бар.