2020 жылдың 27 желтоқсан күні сағат 19:43 шамасында Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментіне 1983 және 1994 жылғы облыс тұрғындарының хабар-ошарсыз жоғалып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров хабарлады.
«Екі азамат Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Бекет-ата қорымынан 30 шақырым жерде Төлеп ауылынан «КРАЗ» автокөлігімен шыққан. Оларды іздестіруге Жаңаөзен қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, туыстары, «ОйлГаз» ЖШС мамандары, Сенек және Құланды ауылының учаскелік полиция қызметкерлері жұмылдырылды», - деді ол.
Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, аталған азаматтар 28 желтоқсан күні табылды. Айта кетейік, оларға алғашқы медициналық көмек қажет етілмеді.