Тәуелсіздік күні қарсаңында Маңғыстау облысының Полиция департаментінде марапаттау рәсімі өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараға департамент басшылығы, ардагерлер және полицияның жеке құрамы қатысты. Ведомство басшысы полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев жиналғандарды ел Тәуелсіздігінің 29 жылдығымен құттықтады.
16 желтоқсан - ең маңызды мерекелердің бірі, өйткені дәл осы күні, 1991 жылы біздің республикамыз әлемдік алаңда өз ұстанымын нық бекемдеп, бірлік пен өркендеудің символына айналып, тәуелсіз, демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет мәртебесіне ие болды. Бұл біздің ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы арманының орындалуын белгілейтін қасиетті күн, - деп атап өтті Бақтыбаев.
Қызметтік міндеттерін адал орындағаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты арнайы атақтар мерзімінен бұрын берілді:
- Ақтау қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ильяс Кирбасовқа «полиция полковнигі» атағы;
- «полиция полковнигі» - Маңғыстау облысы ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Бекбол Қорғанбаевқа;
- «полиция майоры» - Маңғыстау облысы ПД Патрульдік полиция рота командирінің орынбасары, полиция капитаны Қыдыржан Балиевке;
- «полиция капитаны» — Бейнеу ауданы Полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, полиция аға лейтенанты Күнболат Амандиковке.
"Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен Маңғыстау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Евгений Горбач, Бейнеу ауданы Полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Сансызбай Аминов, Түпқараған аудандық Полиция бөлімінің кезекші бөлімінің бастығы полиция майоры Сыдық Зорбаев, Маңғыстау облысы ПД Жедел әрекет ету арнайы жасағының командирі полиция капитаны Ерболат Рамазанов, Түпқараған аудандық Полиция бөлімінің жедел-криминалистикалық тобының аға криминалисті, полиция майоры Нұрбол Қалсейітұлы сынды қызметкерлер марапатталды.
І дәрежелі "Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгісі Маңғыстау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Айнұр Нұрмұхановаға берілді.
II дәрежелі "Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгісімен Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімінің бастығы полиция капитаны Медет Мүшекенов, Маңғыстау облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы полиция капитаны Жалел Камаладинов, Маңғыстау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция майоры Рысбек Есбай, Маңғыстау облысы ПД Кадр саясаты басқармасының аға инспекторы полиция майоры Эльмира Сұлтанова марапатталды.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Құрметті Грамоталарымен, грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталды. Сегіз қызметкерге алғыс жарияланды.
«Полициядағы қызмет әрқашан өзгелер үшін өзін-өзі қатерге қоюға дайын, мықты мотивациясы бар батыл және асыл адамдардың жұмысы болды және болып қала береді. Оның дәлелі - сіз көрсеткен кәсіби шеберлік пен жанкештілік. Тағы да сізді мерекемен құттықтаймын. Сізге денсаулық және жұмысыңызға сәттілік тілеймін. Әрине, барлығыңызға қызметіңіз үшін алғыс айтамын», - деп атап өтті Жанарбек Төлеубекұлы.