«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Жаңаөзен қаласына көше жарықтары орнатылды. Бұл туралы Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Нұржұма Гумарова мәлім етті.
Оның айтуынша, қала көшелерін абаттандыру, жарықтандыру және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында заманауи энергия үнемдегіш шамдар орнатылған.
«Қажетті құрал-жабдықтармен қамтып, құрылысты жүргізген Айком ЛТД ЖШС, ал шамдарды ауыстыру жұмыстарына техникалық қызмет көрсеткен “Ақтаусервисқұрылыс” ЖШС. Тыңғылықты жұмыстың нәтижесінде Жаңаөзендегі Маңғыстау, Сәтпаев, Қосқұлақов көшелеріне толықтай энергия үнемдегіш жарық шамдары орнатылды», - деді Нұржұма Гумарова.
Айта кетейік, жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы бойынша жарықшамдары орналастыруға жұмыспен қамту орталығына тіркелкелген 15 адам осы іске жұмылдырылды.