“Жұмыспен қамтудың жол картасы” мемлекеттік бағдарламасы аясында Жаңаөзендегі 17 білім беру мекемелеріне жөндеу жүргізілді. Бұл туралы Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Нұржұма Гумарова мәлім етті.
«Атап айтсақ, Т.Алиев атындағы № 1, №2, №6, №7, №10, №12 мектеп, Дарын лицейінің кәріз жүйелері, «Ақбота», «Балдәурен», «Самал», «Балапан», «Шынар», «Ертегі», «Мереке», «Ақбұлақ», «Арай» бөбекжайы мен оқушылардың шығармашылық үйінің жылу жүйелері жаңартылды»,-деді Нұржұма Гумарова.
Бағдарлама аясында 38 тұрғын жұмыспен қамтылды. Бұдан бөлек Жаңаөзен қаласын дамытудың кешенді жоспары аясында білім-инновация лицейіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.