«Nur Otan» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалының төрағасы Мақсат Ибағаровтың төрағалығымен өткен кезектен тыс XXXVII конференцияға барлығы 61 делегат қатысты.
Конференцияда «Nur Otan» партиясының Жаңаөзен қаласы бойынша бағдарламасын бекіту, Маңғыстау облыстық мәслихатының партия тізіміне үміткерлерге дауыс берудің қорытындысын шығару, «Nur Otan» партиясы Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімін бекіту, «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының ХХXVII кезектен тыс конференциясына қатысатын делегаттардың тізімін бекіту және партияның қалалық филилалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Сонымен қатар облыстық партия тізіміне үміткерлер арасында «сұрақ-жауап» түрінде пікірсайыстар өтті. Пікірсайысқа қатысатын кандидаттар тізімі Primaries.kz порталында жарияланды. Үміткерлер пікірталас барысында өз бағдарламаларын баяндай отырып, ұсынылған мәселелерге қатысты сұрақтарға жауап берді. Делегаттар есептік комиссияның бақылауымен электронды жасырын рейтингтік дауыс беруге қатысып, өз таңдауын жасады.
Конференция барысы партияның қалалық филиалының әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында тікелей эфирінде көрсетілді. Қазіргі таңдағы эпидемиялогиялық жағдайға байланысты сақтық шаралары толық сақталып өткізілді.