Маңғыстауда 12–ші қарашадағы жағдайға сәйкес, I-II деңгейлі инфекциялық стационарларда 71 адам ем қабылдап жатыр. Бұл туралы облыстың коммуникация орталығы хабарлайды.
Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сол 71 науқастың ішінде 3-нде коронавирусқа тапсырған сынама оң нәтиже көрсеткен.
Қазіргі уақытта орта дәрежелі жағдайда 62, жағдайы ауыр халде-8 науқас, өте ауыр хәлде - 1 науқас бар.
Бұл бөлімге түскендердің хәлінің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп.
Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 21 пайызды құрайды.
Облыс көлемінде 335 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ, реанимациялық төсек саны - 43.
Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған карантиндік стационарларда барлығы 270 төсек орын бар.