Шығыс-1 шағынауданындағы жаңа 300 орындық мектептің құрылысы қарқынды жүруде, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
“Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020” бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан құрылысқа барлығы 250 жұмысшы тартылған. Мамыр айында басталған нысанның бүгінде темірбетон қаңқасын көтеру жұмыстарының 90% аяқталған. Енді ғимараттың ішкі қосымша жұмыстары (тоқ желісі, сантехника) басталмақ. Одан бөлек, сыртқы инженерлік жүйелерін тарту жұмыстары жүргізілуде.
Мектеп құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.