Ақтауда 6 спорт алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Мемлекеттік сатып алу арқылы «Заман Актау» мекемесі жеңімпаз болып анықталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жергілікті бюджет есебінен қаладағы 9 ойын алаңы және 6 спорт алаңы жөнделеді. Сондай-ақ 4, 3, 8 «а» шағынаудандарындағы жаяу жүргіншілер жолы қалыпқа келтіріледі.
Ақтау қалалық тұрғын-үй шаруашылығы бөлімінің басшысы Қайрат Ақыбаевтың айтуынша, биыл абаттандыру жұмыстарына жеткілікті қаржы қарастырылды. Өткен жылы 100 млн теңге бөлінсе, биыл 123 млн теңге бөлініп отыр.
Еске сала кетейік, былтыр 8 балалар ойын алаңы орнатылған болатын. Жауапты мекеме – «Жол болсын» ЖШС болатын, ал «Жаңа түбек» ЖШС мекемесі қаладағы 3 спорт алаңы орнатылып, 1 спорт алаңы жөндеуден өткен болатын.