Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев айтты.
Жаз мезгілінің басталуымен Каспий теңізінің жағалауында демалатын халық көп. Су объектілерінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету МО төтенше жағдайлар департаментінің назарында. Алайда, қызметкерлердің судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертулеріне қарамастан, суға кету мен жарақаттану жағдайлары кездеседі. Жүргізілген талдау бойынша, суға батып кетудің негізгі себептеріне қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, тыйым салынған орындарда шомылу, суға мас күйінде түсу, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдыру жағдайлары жатады.
Суға шомылу маусымы кезінде адамдардың қаза болуы мен мертігуіне жол бермеу мақсатында су айдындарының 6 учаскеде шомылуға тыйым салынған және тиісінше рұқсат етілген 38 учаскелері бойынша нормативтік құжаттар қабылданды. Жоспар аясында 2020 жылғы суға шомылу маусымы кезеңінде облыс халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру, алдын алу және практикалық іс-шаралар кешені қарастырылды.
МО төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындарына, оның ішінде балаларға профилактикалық, үгіт-насихат жұмыстары рейдтік шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Өткен жылы 29 рейд өткізіліп, әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 440-бабы бойынша 13 адам 176 750 тенге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Судағы адам шығынын болдырмау мақсатта профилактикалық іс-шаралар шомылу маусымы аяқталғанға дейін жүргізіледі.
Айта кету керек, тұрғындардың шомылу маусымындағы қауіпсіздігін Ақтау, Форт-Шевченко, Құрық ауылы мен Кендірлі демалыс базасындағы жедел-құтқару бөлімшелері қамтамасыз етеді.