Маңғыстау облысындағы Қошқар ата қалдық қоймасын қалпына келтіру жұмыстары 2023 жылдың үшінші тоқсанында қайта жалғасады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына сілтеме жасап.
Басқармасы басшысының орынбасары Есенқос Әділбаевтың осыған дейін жобалық-сметалық құжаттарға түзетулер енгізілгенін мәлімдеді. Яғни, бұрын Қошқар ата қалдық қоймасында қалпына келтірілетін жер көлемі 4279 гектар болса, жаңа түзетуге бойынша 1344 гектарға дейін қысқарған. Енді 2023 жылдың 3-тоқсанында жаңа нұсқа бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысы шығады. Содан кейін рекультивация жұмыстары жанданатын болады.
«Қалпына келтіру жұмыстары бізден тәуелсіз себептерге байланысты тоқтатылды. Мемлекеттік сараптама жаңа жобалық-сметалық құжаттаманы мақұлдауы тиіс. Толық қорытындыны алғаннан кейін жұмыстар қайта жалғасады, - деді Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Есенқос Әділбаев.
Мамандардың айтуынша, қайта қалпына келтіруге бөлінетін қаражаттың да көлемін ұлғайту жөнінде жұмыс жобасына қайта түзету енгізу туралы шешім қабылданып отыр.
Жобаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет есебінен 90/10 пропорциясы бойынша бірлесіп жүзеге асырылады.
2013-2014 жылдары «Маңғыстау ҒӨО» бұрын осы орында жүргізілген жұмыстар мен зерттеулерді талдау негізінде «Қошқар ата қалдық қоймасын рекультивациялау» атты техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеген болатын. Онда қалпына келтірудің екі нұсқасы қаралған. Мақсаты- мониторингтік, гидрогеологиялық, рекультивациялық, экологиялық, әлеуметтік және басқа да ұстанымдар бойынша оңтайлы жобалық шешім әзірлеуге бағытталған.
Техникалық-экономикалық негіздемеде келтірілген нұсқаның бірі - қалпына келтіру жұмыстарын екі түрлі әдіспен жүргізуді көздейді: қалдық қойманың орталық-солтүстік бөлігіне Каспий теңізінен су беру арқылы жасанды тоғанның бетін минус 35 м белгіге дейін жеткізу.
Техникалық-экономикалық негіздемеде көрсетілген қорытындыларға сәйкес, іске асыруға екінші нұсқа таңдалып, қалпына келтіру жұмыстарын 2025 жылы аяқтау жоспарланған.