Әбу-Бәкір Жәнібек джиу-джитсудан Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.
Джиу-джитсудан Тайланд астанасы Бангкокта басталған ерлер мен әйелдер арасындағы VII Азия чемпионатында маңғыстаулық Әбу-Бәкір Жәнібек 62 келі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды.
Жарыстың алғашқы күндерінде «файтинг-систем»бағдарламасында Қазақстан құрамасы жүлде саны бойынша жалпы командалық есепте екінші орынға шығып отыр.
Сонымен бірге, қыздар арасында тағы бір жерлесіміз қола жүлдеге қол жеткізді. 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен маңғыстаулық Арай Ұзақбай шеберлік деңгейін көрсетіп, үздік үштікке енді.
Джиу-джитсудан сары құрлық біріншілігі 28 ақпанға дейін жалғасатын болады. Аталған сынға Азияның 30 мемлекетінен 500-ден астам спортшы қатысып жатыр.