Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада тұрғындардың бірі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне, облыстық денсаулық сақтау басқармасына және облыс әкімдігіне жүгінді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- Мұнда түстен кейінгі тағамдар берілуі керек. Олардың мұндай тамақтарды беруінің қасында түрмелердегі тамақтандыру деңгейі жақсы болуы мүмкін. Мен тендер бойынша жеңген компания тамақ әкелетінін түсінемін. Бірақ бақылау болуы керек, кезекші тамақты тексеріп, егер ол талаптарға сәйкес келмесе, оны қабылдамауы тиіс. Сондай-ақ, сорпа қандай тот басқан ыдысқа құйылғанына назар аударыңыз. Мұның бәрін жаңарту керек", - дейді бейнежазба авторы.
Редакция Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасынан ресми түсініктеме күтеді.