Ақтау қаласының 8-шағынауданындағы дәріханалардың бірінде ер адам "Хаггис" және "Памперс"маркалы жөргектерді ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын 27 090 теңгені құрады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД-ға сілтеме жасап.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 27 жастағы күдіктіні ұстады.
Бұл дерек ҚР ҚК 187-бабы бойынша Ақтау ҚП ЕҚДБ-да тіркелген (ұсақ ұрлау). Тергеу жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.