Белгілі сатирик, журналист, Қазақ радиосының ардагері Көпен Әмірбек 73 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Көпен Әмірбек әр жылдары жарық көрген "Аты жоқ кітап", "Алып", "Тілім қышып барады", "Қысыр әңгіме", "Ауызбастырық", "Мың бір мысал", "Неменеңе жетісіп күлесің?", "Өзіңді танисың ба?", "Сайдағы қойшыдан сарайдағы патшаға дейін" атты әзіл-сықақ, пародия кітабы арқылы оқырмандарға кеңінен танылды. "Тамаша" ойын-сауық отауының белсенді авторы болып, өзі құрған "Көпен келе жатыр!.." әзіл-сықақ, пародия театрымен де көрерменнің көзіне түскен.
Президент гранты мен "Парасат" орденінің иегері, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты.