Ресейдің Кемерово облысының бұрынғы губернаторы Аман Төлеев (негізгі аты – Амангелді Молдағазыұлы Төлеев) 1944 жылы Красноводск (қазіргі Түрікменстан, Түрікменбашы) қаласында дүниеге келген. Әкесі – қазақ. Аман Төлеевтің есімін аты аңызға айналған Амангелді Имановтың құрметіне қойған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ztb.qaz сайтына сілтеме жасап.
Аман Төлеев – Ресейдегі ең танымал қазақ саясаткер. Ол Ресей Федерациясы Президенттігіне кандидат та болған.
Төлеев Кемерово облысын 20 жылдан астам уақыт бойы басқарды және Ресей губернаторлары арасында ұзақ өмір сүретіндердің бірі болып саналды.
2018 жылы Кемероводағы «Зимняя вишня» сауда орталығында өрт шығып, 64 адам қаза табуына байланысты саясаткер Аман Төлеев отставкаға кетуге мәжбүр болған.