Ақтаудың көпқабатты үйлерінің бірінен әйел адамның құлауына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Куәгерлер әйелдің 19 шағынаудандағы 40-үйдің 9-қабатынан құлағанын көрген. Сондай-ақ олар әйел адамның оқиға орнында жан тапсырғанын айтады.
Полицейлер «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.
- Аталған дерек бойынша өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, - делінген Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарламасында.