Ақтаудағы Иран Ислам Республикасының Консулдығында парсы елі Президентінің оқыстан болған қазасына байланысты мемлекеттік туы төмен түсірілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раиси, сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан мінген әуе көлігі апатқа ұшырады. Әуе бортындағы 8 адамның барлығы оқиға орнында қайтыс болды. Осыған байланысты парсы елінде 20 мамырдан бастап 5 күн аза тұту күні жарияланды. Бұл туралы Иранның вице-президенті Мохсен Мансури мәлімдеді.
Осыған байланысты Иранның әлемдегі дипломатиялық миссиясын атқаратын елшіліктерінде қаралы күнге орай мемлекеттік туы төмен түсіріліп отыр.