Ұлттық статистика бюросы халық көп көшіп кетіп жатқан өңірлерді атады. Мұның қатарында Маңғыстау облысы да бар, деп хабарлайды mangystaumedia.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазан айындағы жағдай бойынша 2023 жылдың басынан бері Қазақстанға 21 337 адам шетелден көшіп келген. Осы кезеңде 13 807 экс-азаматымыз шетелге қоныс аударған.
Биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында жалпы саны 337 мың 791 қазақстандық қонысын өзгерткен. Олардың бәрі ішкі қоныстанушылар.
Статорган қазіргі халық қоныс етуді қаламайтын аутсайдерлерді тізбеледі. Бұлар – Ұлытау (биыл 4 952 адам ғана көшті), Батыс Қазақстан (5 816), Солтүстік Қазақстан (6 820), Шығыс Қазақстан (7 091), Атырау (7 093), Маңғыстау (7 140), Ақтөбе (7 489), Қостанай (7 564) облыстары. Бұдан Қазақстан халқының көрші Ресеймен шектесетін өңірлерден аулақ болғысы келетіні байқалады.
Халықтың қалауына айналған өңірлерге келсек, 2023 жылғы көшті Түркістан облысы бастады (44 276 адам көшкен). Одан кейін Алматы қаласы (39 096), Астана (38 406), Алматы облысы (38 003) және Шымкент (28 634 адам) келеді.