Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында жасалатын іс-шаралар туралы айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Депутат бұған дейін істі қозғау үшін жәбірленушінің өз арызы қажет болса, бүгінде құқық қорғау органдарына тек куәгерлердің немесе көршілерінің «сигналы», яғни белгі бергені жеткілікті екенін баяндады.
«Қазақстанда соңғы жылдары отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес аясында жазалар үнемі қатаңдатылуда. Біріншіден, біз тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қылмыстық жауапкершілікке тартуды жоспарлап отырмыз. Денсаулыққа орташа және ауыр зиян келтiргенi үшiн бас бостандығынан айыру жазасы ғана қарастырылады»,- деп қосты Қошанов.
Сонымен қатар депутат «харассмент» ұғымын енгізу жоспарда бар екенін айтты.
«Соңғы уақытта бұл тақырып депутаттық сауалдарда белсенді көтерілуде. Сондай-ақ қазір әйелдер «сталкингпен», яғни жәбірлеуші құрбанын аңдып жүріп, зиянын тигізу фактісімен де жиі кездеседі. Мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейту туралы ойланатын кез келді», -деді депутат.
Қошанов Қазақстанда гендерлік зорлық-зомбылық ауқымды сипатқа ие екенін айтты. Сондай-ақ ол әлеуметтік зерттеулерге сүйене отырып, зорлық-зомбылық құрбандары неліктен кешірім беріп, жәбірлеушіге қарсы жазылатын өтінішін кері алу себептерін атап өтті: