Көктемгі шақырылымда Қазақстан Қорғаныс министрлігінің қатарына18 мың сарбаз шақырылмақ, ал күзде тағы 19 мың адам әскерді толықтырады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Биылдан бастап әскерге шақырылған сарбаздардың несиелерін өтеу кейінге қалдырылып, әскери қызметі аяқталғаннан кейін грантқа үміткер болуға мүмкіндігі бар. Бұл ретте 40-қа жуық жоғары оқу орны оларды қабылдауға дайын. Мұндай гранттар саны үш мыңды құрап отыр.
Қорғаныс министрлігі әскерлерде әлімжеттіктің жоқ екенін айтып отыр. Олар әскери борышын өтеуге кірісер алдында денсаулығы мен стрестік жағдайға төзімділігі тексеріледі.
"Осы деректерді жою аясында біз әскерге шақырылыған сарбаздарды мерзім бойынша оқшаулауды бастады. Сондақ ерте келгендері кейінгілеріне әлімжеттік жасамайды. Осы арқылы оны жойып жіберуге болады", - деп атап өтті ҚР ҚК Бас штабының департамент бастығының орынбасары Руслан Омаров.
Бұған сарбаздардың аналар комитеті мүлдем келіспейді. Олардың айтуынша әскерде проблемалар аз емес көрінеді.
"Қазіргі жағдайда әскерге ешкімді жіберуге болмайды. Баламды бергеннен кейін, біз оны ұрып-соғатынын, жыныстық зорлық-зомбылық жасайтынын, мүмкін ақша талап ететінін біле бермейміз. Осыған байланысты кейбір балалар өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін. Әскерге тәртіп орнатылып, заңдылық белгіленбейінше жіберуге болмайды деп санаймын", - деді "Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығының басшысы Ләззат Қожахметова.
Осы жылдан бастап Қорғаныс министрлігінде еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінде оқитын жастардың бірыңғай базасы құрылды. Олар үшін кейінге қалдыру енді автоматты болады. Қорғаныс министрлігі әскери комиссариаттарда бұдан былай кезек болмайды деп айтып отыр.