© Informburo.kz
31 телеарна мен informburo.kz ақпараттық порталы бір холдинг құрамына бірікті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жаңадан құрылған медиахолдингтің басшысы болып 31 арнаның Бас директоры Құрманбек Жұмағали тағайындалды.
Аұпараттық бағдарлама директоры Ержан Жүніс бұл жұмыс бірнеше жыл бұрын 31 арнаның «Информбюро» бағдарламасы мен informburo.kz интернет-порталы редакцияларын интеграциялау негізінде басталғанын айтады. Екі медианы біріктіру – басқару және редакциялық саясат сапасын одан әрі арттыруға, мультимедиялық ақпараттық контент өндірісін күшейтуге мүмкіндік береді дейді ол.
- «Алдымен холдингтің бизнес-мақсаттары мен міндеттерін анықтадық. Бірнеше бағыт бойынша жұмысты жіті назарға аламыз. Ең бастысы, елдегі және әлемде болып жатқан оқиғаларды жедел, шынайы әрі жан-жақты көрсетуді жалғастыра береміз, медиахолдингтің интернет-кеңістігіндегі жұмыс ауқымын ұлғайтамыз, аудиторияның қажеттіліктерін ескере отырып түрлі жанрдағы жаңа контент ұсынамыз», – деді Медиахолдинг басшысы Құрманбек Жұмағали.