Енді 5 қазанда білім беру қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күні аталып өтілмек. Тиісті қаулыны Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес, бұған дейін республикада Мұғалімдер күні қазан айының бірінші жексенбісінде аталып өтілетін. Қазір бұл датаны тойлау 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елінде атап өтілетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен синхрондалады.
ҚР оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 556 мың педагог жұмыс істейді.