Қазақстанда ЕАЭО елдерінен келіп жатқан қызметкерлер ағыны күрт өсті. Қырғызстаннан келген жұмысшылар Ресей Федерациясының азаматтарынан 7,2 есе аз, деп хабарлайды mangystaumedia.kz LS-ке сілтеме жасап.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегі бойынша 2022 жылы Қазақстанға Одақтан 76,2 мың адам келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 70,8% - ға көп (2021 жылы 44,6 мың адам).
Ресейден 63,3 мың адам келген. Бұл 2021 жылы ЕАЭО-дан келген қызметкерлердің жалпы көрсеткішінен 41,9%-ға артық.
Қырғызстаннан 8,8 мың адам жұмысқа орналасты, бұл ресейліктерден 7,2 есе аз.
Армениядан 2,3 мың адам, Беларуссиядан 1,8 мың адам келді.