ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1 наурыздағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 175 кәсіпорнында 1,7 миллиард теңгеден астам сомаға 10 мың қызметкердің алдында жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 189 ұйғарым берілген және 24,6 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 7,9 мың қызметкердің құқықтары қорғалды. Қазіргі уақытқа дейін оларға 1,3 миллиард теңге төленді.