19 шілдеде "Қазтелерадио" АҚ жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді, деп хабарлайды сайт mangystaumedia.kz.
"Үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистердің жабылуымен жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі", - деп хабарлады "Қазтелерадио" АҚ.
Спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар 2023 жылғы 19 шілдеде сағат 03:00-17:00 аралығында жүргізілетін болады.
"Қазтелерадио" АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.