Биылғы мамыр айындағы көрсеткіш бойынша Қазақстанда есепке 161,1 мың бірлік автокөлік құралы қойылған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Бұл нәтиже 2022 жылдың мамыр айымен салыстырғанда 1,5 есе ге көп болып отыр. Оның ішінде жүк автомобильдерінің саны 1,8 есе, автобустар – 1,7 есе және жеңіл автомобильдер – 1,5 есеге көбейген.
2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 872,8 мыңға жетті. Бұның ішінде 87,8 пайызы жеңіл автокөліктер болса, 10,1 пайызы жүк және 2,1% – автобустар екені белгілі болды.
Қазақстан бойынша қоғамды көлік қызметінде жолаушыларды 100 701 автобус тасымалдайды екен. Биыл автобустан саны 25 пайызға көбейген.
Ал аймақтар бойынша автобустардың ең көп саны Алматыда қаласында тіркелген. Мегаполистегі қоғамдық көлік саны 12 654 дананы құраса, Астанада 7398, Алматы облысында 7644-ге жеткен. Ал автобустардың ең аз саны Ұлытау (114) және Абай (241ед.) облыстарында анықталып отыр.