Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Астана – Ташкент маршруттары бойынша рұқсат етілген рейстер саны аптасына 12 – ден 36 рейске дейін (80% өсім) және Алматы-Ташкент маршруттары бойынша аптасына 20-дан 36 рейске дейін (200% өсім), ал қалған маршруттарда аптасына 4 рейске дейін екі еседен астам артады.
Биылғы жылдың көктем-жаз кезеңінен бастап «Эйр Астана» және «Өзбекстан әуе жолдары» әуекомпаниясы Алматы – Ташкент бағыты бойынша жиілікті аптасына 14 рейстен 20 рейске және Астана – Ташкентке аптасына 6 рейстен 12 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр.