Биылғы жылдың 8 сәуірінен 28 сәуіріне дейінгі бұйрықпен республика аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдері мен мемлекеттеріне 20 мың тонна мөлшерінде пиязды (ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0703: 070310) әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Квотаның бүкіл қолданылу мерзімі кезінде тауарларды әкетуге бір өтініш беруші үшін рұқсат етілген лимит белгіленеді, ол жиынтығында 500 тоннадан аспайды.
Қазақстан аумағынан тауарларды әкетуге арналған квоталар көлемін бөлу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес, фитосанитариялық сертификаттар беру кезінде БАБЖ АЖ-да автоматты түрде жүзеге асырылады.