Сыртқы істер министрлігі Газа секторынан қазақстандықтарды эвакуациялау басталғанын хабарлады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, бүгін, 13 қарашада 44 адамды, оның ішінде 40 Қазақстан азаматын эвакуациялау жоспарланған. 4 адам олардың отбасы мүшелері, шетел азаматтығын алған.
Эвакуацияланғандар қатарында біздің елден бөлек тағы 9 елдің, соның ішінде Марокко мен АҚШ-тың өкілдері бар.
Шығу Рафак өткізу пункті арқылы жүзеге асырылады.