• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 18 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

    Қоршаған ортаны сақтау үшін! Маңғыстаудағы мектептер мен балабақшалар балаларды табиғатты аялауға қалай баулиды?

    6 тамыз, 19:08  |  Маңғыстау жаңалықтары

    Маңғыстау облысындағы балабақшалар мен мектептер арасында бірнеше жыл қатарынан «Үздік жылыжай» байқауы өткізіледі. Бұдан бөлек, қатысушылар жағалауды қоқыстан тазалайтын түрлі науқандарға жиі қатысып, экология мен табиғатты қорғау бойынша ғылыми жұмыстар істейді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

    Облыста білім беру ұйымдарында 339 экологиялық-биологиялық үйірме жұмыс істейді, оған 4251 оқушы қатысады. Сонымен қатар, облыста 1875 оқушы баратын 125 туристік-өлкетану үйірмелері бар. Сондай-ақ, мектеп оқушылары «Табиғат аяла» деген жас өлкетанушылар, экологтар мен жаратылыстанушылардың республикалық облыстық форумына және экологиялық тәрбиеге баса мән беретін «Жер сағаты» акциясына да қатысты. Осы шара аясында эстафеталық жарыстар мен ойындар, экологиялық викториналар ұйымдастырылды.

    Экологиялық құндылықтарды санамызда дәріптеу үшін өткізілген Birge – Taza Qazaqstan» республикалық экология акциясы қарсаңында өңірде 1458 ағаш пен 339 гүл егілді. Көгалдандыруға 65 білім беру ұйымынан 6355 оқушы қатысты. Сонымен қатар, мектеп оқушылары мен студенттер өлкедегі «Көркембай ата», «Байқұл қажы», «Бекет ата» тарихи-мәдени маңызы бар жерлерін, теңіз жағалауын және мектеп аулаларын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

    «Мамырда барлық мектеп пен балабақшаларда «Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы кезінде тоғызыншы, он бірінші сынып түлектері арасында жасыл желек отырғызу бойынша челлендж ұйымдастырылды. Челленджге облыс бойынша 140 білім беру ұйымынан барлығы 12 435 түлек қатысып, 5 546 ағаш пен 113 гүл егілді. Облыстың табиғи ресурстарды басқару және табиғатты пайдалануды реттеу жобасын іске асыру үшін облысымызда дәстүрлі «Мектеп, колледж, балабақша – табиғатпен үндес» байқауы өткізіліп, жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Қазір бұл жоба білім басқармасына берілді», — деді облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

    Экологиялық білім мен тәрбиені дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған республикалық іс-шаралар жоспары бойынша білім беру ұйымдарында жас экологтар арасында «Жер ана, жаса!» «Ғаламшар тұрлен!». және облыстық «Жасыл мектеп» байқауы өтті. Байқауға 27 жұмыс ұсынылды. Бұл ғылыми жобалар - туған өлкенің көрікті жерлеріне арналған гидтер, түбектің экологиялық проблемалары туралы бейнероликтер. Мұнымен тоқтамай, Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінде» «Эколидер» клубының бастамасымен V Маңғыстау облыстық «Экокөшбасшы» байқауы өтіп, жеті номинация бойынша 218 оқушы өз жұмыстарын қорғады.

    Облыстың ең кішкентай тұрғындары да назардан тыс қалмады. Балаларды балабақшадан бастап-ақ табиғатты сүюге, оны аялай білуге үйретеді. Мәселен, балабақшалар мен мектептерде жылыжай салу үрдісі қарқын алуда. Облыстағы білім беру ұйымдарында барлығы 38 жылыжай жұмыс істеп, жыл сайын ең үздігі анықталады. Мектеп оқушылары мен мектеп жасына дейінгі балалар зерттеулер жасап, өз жемістері мен көкөністерін өсіреді.

    Өткен жылы «Үздік жылыжай-2023» байқауына 14 білім беру мекемесі қатысты. Мектептер мен балабақшалар өз жобалары туралы айтып, өсірген көкөністерін таныстырды, сонымен қатар оқушылармен орындайтын практикалық тапсырмаларды ұсынды. Бірінші орындарды Бейнеу ауданынан келген «Боранқұл» бөбекжай-балабақшасы мен Мұнайлы ауданындағы 10-орта мектеп иеленді.

    «Бейнеу» балабақшасындағы жылыжай қамқоршылық кеңеcn34 қаражатына 2019 жылдың күзінде іске қосылды. Қазір мұнда қияр, қызанақ, аскөк, баклажан, тәтті бұрыш, салат жапырақтары өсіріледі.

    «Жылыжай 2020 жылы өнім бере бастады. Жылыжайдың мақсаты – оқушылардың витамині мол өнім жеуі, органикалық көкөністерді өсіру, балабақша бюджетін үнемдеу. Сонымен қатар, бұл балаларды бау-бақшада өсетін көкөністермен таныстыруға, біздің климатта өсетін көкөністердің ерекшеліктерін зерттеуге және тәжірибе жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Балабақшаның жылыжайында қоршаған ортаны қорғауға деген қызығушылықтарын, танымдық белсенділіктерін арттыру, балабақшаның көркін келтіру, теориялық білімдерін практикалық біліммен ұштастыру үшін арнайы әзірленген «Көңілді көкөністер» жобасы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», - дейді Бейнеу ауылындағы балабақша директоры Дәметкен Ақшабаева.

    Ал Ақтау қаласындағы №22 «Алтын бесік» балабақшасының жылыжайында қарбыз, қауын, құлпынай, қарақат өсіруді жоспарлап отыр. Қазір қызанақ, қияр, шалғам, салат, аскөк өседі.

    «Қазір экология бойынша білім берудің басты міндеті – экологиядан сауатты тұлғаны жастайынан тәрбиелеу. Тәжірибелік, ғылыми-зерттеу жұмыстары балалардың экология тәрбиесінде үлкен рөл атқарады, табиғатқа мейіріммен қарауға үйретеді. Қалада тұратын балалардың көпшілігі табиғаттан жырақтап кеткен. Балалар қалада ата-аналарының немесе отбасы мүшелерінің бақшада көкөніс егіп, күзде егін жинағанын көре бермейді. Ал балабақшадағы жылыжай – балалардың өсімдіктер туралы және олардың өсу ерекшеліктері туралы білімін кеңейтуге сеп болатын зертхана. Мектеп жасына дейінгі балалардың экология мәдениетін, ауыл шаруашылығы туралы түсінігін қалыптастырып, еңбекке, жерге деген сүйіспеншілікке баулып, балалардың байқампаздығы мен қызығушылығын дамытамыз. Алғашқы қызанақ пен қияр пісіп, жиналған кезде біздің аспаздар балаларға дәмді салат әзірледі, ал балалар риза болып жеп алды», - дейді Ақтау қаласы №22 балабақша директоры Самал Жақұзова.

    Ақтау қаласындағы №13 мектеп-гимназиясында мектеп оқушыларына арналған жылыжай бар. Мұнда биология дәрісі мен түрлі ғылыми зерттеулер оқытылады. Сонымен қатар, мектеп оқушылары өсімдіктердің бүкіл өсу кезеңдерін анық қадағалай алады. «Біздің жылыжайдың мақсаты – мектеп оқушыларының жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, сабақта алған білімдерін қолдану және оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту. Әрине, жылыжайда жұмыс істеу ұқыптылыққа, қырағылыққа бейімдейді, оқушылардың жер, ауыл шаруашылығы, еңбек туралы түсініктерін молайтады. Балалар жылыжайдағы микроклиматтың ерекшеліктерін, температураның, ылғалдылықтың, жарықтандырудың әсерін зерттейді. Жылыжайды толық жабдықтап, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, құнарлы топырақ салдық. Әлбетте, егінді де жинаймыз. Оқушылар еңбектерінің нәтижесін көріп отыр», – дейді Ақтау қаласындағы №13 гимназияның директоры Жаңыл Мұқанова.

    Жазда, демалыс кезінде шатыр лагерьлер дәстүрге айналды. Балалар үш күн бойы осында келіп, жағаға киіз үй формасындағы шатыр тігіп, өрт, су қауіпсіздік ережелерін, картамен жұмыс істеуді, кедергілерден өтуді, от жағуды, төтенше жағдайларда әрекет етуді үйренеді, жағажайдағы қоқысты жинауды да ұмытпайды.

    Ольга Золотых

    268
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Ақтауда 400 балаға өрт және судағы қауіпсіздік ережесі үйретіледі

    Келесі жаңалық

    Жаңаөзенде жас сарбаздарға қару табысталды

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      «Маңғыстау Медиа» ЖШС-нің жаңа ғимараты ашылды

      [ 2021 ] 29 маусым, 14:20
      4426

      Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

      [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
      4590

      ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

      [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
      4230

      "Ралли Қазақстан-2017" 4-кезең! Маңғыстаулық Юрий Сазонов нәтижесін жақсартты!

      [ 2017 ] 25 мамыр, 05:54
      3534

      "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

      [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
      3560

      Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

      [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
      4504

      Рубрикалар

        БайқауҚоғамАудан тынысыКомплаенсҚызық дерекАшық қоғамҚазақстан жаңалықтарыЖарнамаРедакция

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайындалды

      5 қыркүйек, 15:39
      2681

      Маңғыстауда «Қолдан қолға» жобасы аясында 11 отбасыға қаржылай көмек берілді

      27 тамыз, 09:38
      3289

      Ұйымдастырушылар: Психолог мамандардың білімі мен білігі көп мәселені шешеді

      26 тамыз, 09:57
      1139

      Жармыш ауылында 153 үйге газ желісі тартылды

      25 тамыз, 14:47
      1201

      Нұрдәулет Қилыбай “Онды бағының” жай-күйімен танысты

      25 тамыз, 13:10
      3270

      Үштаған ауылында полиция пункті ашылды

      25 тамыз, 13:09
      1192

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»