Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен бүгін жарыс жолына шыққан Демеу Жадыраев финалға шықты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
77 келіде белдескен Қазақстан балуаны әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, әзірбайжандық Санан Сүлеймановтан 6:1 есебімен басым түсті.
Финалға шыққан ол енді жапониялық Нао Кусакамен өзара мықты анықтайтын болады.
Бүгін Олимпиаданың іріктеу кезеңінде Демеу Жадыраев Колумбия балуанын 9:0 есебімен ұтты. Одан кейін Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Ақжол Махмұдовты тоқтатты.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан балуандары соңғы рет 2008 жылы Бейжің Олимпиадасының финалында белдескен.