6 тамызда (сейсенбі) спорттың 5 түрінен 11 спортшымыз өнер көрсетеді. Оның ішінде жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, грек-рим күресі, құзға өрмелеу, бокс бар, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жеңіл атлетикада 3000 м кедергілер бойынша медаль ойналады (Н. Джеруто)
Бокста 50 кг салмақтағылар арасында Н. Қызайбай жартылай финалға шығады, ал қалған 2 спорт түрінен іріктеу кезеңі өтеді.
Осылайша, 6 тамызда Қазақстан құрамасы спорттың 1 түрі бойынша 1 медаль жиынтығын сарапқа салады.
Жеңіл атлетика
Д. Ефремов (110 м) жұбаныш раундында өнер көрсетеді.
Н. Джеруто (3000 м) финалға шығады.
Байдарка мен каноэде есу
С. Емьянов және Т. Хайдаров МС2 500 м. іріктеу кезеңі;
М. Бровкова мен Р. Ысқақова WC2 500 м іріктеу кезеңі;
С. Токарницкий мен Б. Раматулла МК 2 500 м іріктеу кезеңі;
Грек-рим күресі
Д. Жадыраев (77 кг) іріктеу кезеңі;
Құзға өрмелеу
А. Маймұратов іріктеу кезеңінде бақ сынайды.
Бокс
Н.Қызайбай (50 кг) жарыстың жартылай финалында 2023 жылғы әлем чемпионы, АО-2023 чемпионы, қытайлық Ву Юмен (52 кг) кездеседі.