Өзбекстан мен Қазақстанның батыс облыстары арасындағы тікелей қатынас үшін Бейнеу – Шалқар жолы салынбақ. Бұл туралы Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты LogiStan telegram арнасына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, болашақ магистраль «Еуропа – Кавказ – Азия» (ТРАСЕКА) көлік-логистикалық дәлізінің бір бағытын қалыптастыруды аяқтауға ықпал етеді.
Дегенмен үкімет басшысы жол құрылысының мерзімі мен инвестиция көлемі туралы сөз қозғамады.